Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 12 желтоқсан. 77news — «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының  жеңіпаздары жас ұрпақтың бой түзер бағдары болуы тиіс. Бұл бастаманың мақсаты — олардың даңқын дәріптеп, ұрпаққа ұран, ұлтқа үлгі ету. Жамбыл политехникалық колледжі осы ниетте жеңімпаздармен жүздесу өткізді.

Басқосудың басты жаңалығы — «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнеге» атты мұражайдың ашылуы. Онда оқу орнынан шыққан спорт жеңімпаздары мен жетістіктері туралы мағлұмат пен сыйлықтары сақталмақ.  Мұражайды ашу мәртебесі қоғамдық кеңестің хатшысы Сембек Сейдәзімовке  тапсырылды. Колледж директоры бұл орын жас ұрпақты жігерлендіреді деп сендіреді.

Салтанатты жиында 100 жаңа есім жобасына енген Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Сембек Сейдәзімов, аталған оқу орнынан түлеп ұшқан Ақжүрек Таңатаров студентер арасында еркін форматта сұхбат жүргізді. Сондай-ақ, шара барысында білім ұясының жанынан құрылған «Зерде» рухани дамыту орталығында «Туған жер тұнған шежіре» тақырыбында келген қонақтармен ашық сабақ өтті.

Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан