Тараз.13 желтоқсан. 77news — Жамбыл облыстық жекпе-жек сайыс Федерациясы алда өтетін Қазақстан чемпионаты мен кубогі және Халықаралық турнирлерге іріктеу жарысын өткізді, деп хабарлайды 77news ақпарат агенттігі. 

Бәсекеге 11 командадан 120 спортшы қатысты. Сайыс ересектер және жастар арасында өткізілді. Турнир қортындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасы, екінші орынды 03811-ші барлаушы полкі еншіледі. Қола жүлде Жамбыл облысының жекпе-жек Федерациясына бұйырды. Ал жастар арасындағы үш орынды Жамбыл облыстық жекпе-жек сайысы, әскери самбо және ұлттық жекпе-жек Федерациялары бөліске салды.

Жамбыл облыстық жекпе жек сайыс Федерациясының президенті Қуаныш Батырбаевтың  айтуы бойынша, бәсеке нәтижесінде республикалық және халықаралық турнирлерге 9 спортшы жолдама алған. Алдағы уақытта жоғарғы турнирларда осы спортшылар өңіріміздің намысын қорғамақ.