Фото: 77 news

Тараз. 13 желтоқсан. 77news — Бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 80 жанұя пәтерлі болып отыр. Игілікті шара ҚР Тәуелсіздігі күніне орайластырылған. Қоныс тойы мұнымен бітпейді. Жыл соңына дейін тағы да 80 отбасы баспаналы болмақ.

80-пәтерлі тұрғын үй «Қарасу» шағын ауданында орналасқан. Мердігер компания-  «Бином» ЖШС. Билік басшыларының сөзінше, бұл көп пәтерлі үйдің басты ерекшелігі қосалқы бөлшектерден жинақталуында екен.

Жалпы, облысымызда мемлекеттік тұрғын үй саясаты жүйелі жүзеге асырылып келеді. Мәселен, осы жылдың соңына дейін тағы да осындай бір көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Ал, келесі жылы баспана құрылысының қарқыны артып, 360 отбасыға пәтер кілті табысталады деп жоспарланған.