Фото: Tengrinews
 Тараз. 14 қараша. 77news — Орта есеппен әрбір жұмыс істейтін қазақстандық тұтынушылық несиесі бойынша банктерге 400 мың теңге қарыз. Бұл туралы Ranking.kz.  порталы хабарлайды. 

«Орта есеппен әрбір жұмыс істейтін қазақстандық банктерге тұтынушылық несиесі бойынша 447 мың теңге төлеуі керек. Әсіресе, басқа қалаларға қарағанда Алматы тұрғындарының  кредит үлесі көбірек. Бір жыл ішінде тұтынушылық несиелендіру нарығы 15%-ға өскен», — деп жазылған портал материалында.

2017 жылы қыркүйектің соңында жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несие көлемі 2,9 трлн теңгені құраған. Бір жыл ішіндегі өсім 14,9% немесе 372 млрд теңге болды.

Облыстар арасында ең «несиелендірілген» қала Алматы болды. Орта есеппен бір жалдамалы қызметкердің банк алдындағы тұтынушылық қарызы 1,3 млн теңге немесе 7,3 айлық жалақыны құраған. Екінші орында — Маңғыстау облысы. Мұндағы бір қызметкердің борышы — 556,8 мың теңге немесе 2,1 айлық жалақы. Үштікті Маңғыстау облысы қорытындылайды. Әрбір жұмыс істейтін маңғыстаулық банкке 508,1 мың теңге немесе 1,8 айлық жалақы қарыз екен.