Фото:hi-tech@mail.ru

Тараз. 14 желтоқсан. 77news — Қазіргі таңда спорттық аяқ киімдер өте танымал, бағасы да қымбат. Алайда құнын ақтайтын ақылды аяқ киімдер де бар. Әлемде технологияның шыңына шыққан небір алпауыт компаниялар интеллектуалды түрлі аяқ киімдерді шығарып жатыр. 

Xiaomi Free Tie Leather Shoes компаниясы смартфондар мен телефон аксессуарларын ғана шығарып қоймайды. Сонымен қатар интеллектуалды спорт аяқ киімдерін ұсынып отыр. Бұл аяқ киім жүрген қадамыңды есептей алатын ішкі жадысымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, орнатылған сенсор арқылы жүрілген жол мен жұмсалған энергияны анықтай аласыз. Жалпы, құрастырушылар фитнес-трекердің есептеуіш фунцияларын спорттық аяқ киімдеріне орнатқан.

Сонымен қатар, ақылды аяқ киім физикалық жетістіктеріңіз жөніндегі ақпаратты өзіңіздің смартфоныңызға Bluetooth-модуль арқылы жеткізіп отырады. Бағасы 300 доллардан басталады.

Фото: Hi-tech@mail.ru

Smart Rhythm Shoes компаниясы егесіне билеуді үйрететін ақылды аяқ киімдерді шығаруды жоспарлап отыр. Құрастырушылардың айтуынша, смартфон бағдарламасына байланысатын спорттық аяқ киімдерге  бақылау құрылғысы орнатылады. Аяқ киім телефонға Bluetooth арқылы қосылады. Смартфонға орнатылған бағдарлама әуенді естіген бойда «аяққа» белгі береді. Ақылды аяқ киімге кіріктірілген сенсорға табанның әр жерінен діріл беріледі. Содан би қимылдары іске асады.

Смартфон қосымшасы арқылы би үйрететін интеллектуалды спорттық кроссовка бір мезетте  джаз, сальса, бачата, вальс, хип-хоп, танго секілді билерді үйрете алады.

Vixole Matrix ойлап тапқан аяқ киімге телевизор орнатылған. Спорттық аяқ киімнің артқы бөлігіне жарық диодтты панел біріктірілген. Сол арқылы сіз аяқ киіміңіздегі LED экранға өз смартфоныңыз арқылы керекті видеоны жазсаңыз болады.

Құрастырушылардың сөзінше, иілгіш экран судан қорғалған. Оны жаңбыр мен қарда да кие беруге болады екен. Сондай-ақ, түс, дыбыс анықтайтын, үдеу өлшегіш, ауа дымқылдығын бақылайтын және магнит өлшегіш құрылғы орнатылған. Осы  қондырғылар арқасында аяқ киім егесінің қимыл қозғалысына қарай суреттің түсін автоматты түрде ауыстырып отырады. Аталған Vixole Matrix өнімін 345 долларға алуға болады.

Орыс зиялылары интеллектуалды жарыста ешкімнен кем түспейтіндерін далелдеді. Томск политехникалық университетінің студенті ақылды аяқ киімнің денсаулыққа пайдалы түрін ойлап тапты.  Смарт-бәтеңке адам жүрісін реттейді. Ұлтарақ астына орналастырылған  құрылғы арқылы табанға түскен салмақты бақылайды.

Құрастырушылардың айтуынша, бәтеңке егесіне тірек-қимыл жүйесі ауруының алдын алуға көп көмектеседі. Сондай-ақ, инсульт алған адамдарды оңалтуға да көп септігін тигізеді екен. Қазір ақылды аяқ киімдер нарыққа шығуға дайын, бірақ бағасы әлі белгіленбеген.

Фото:Hi-tech@mail.ru

Pizza Hut Pie Tops өнертапқыштары шығарған спорттық бәтеңке арқылы пиццаға тапсырыс беруге болады. Құрастырушылар бәтеңкенің тілшігіне қызыл тетік орнатқан. Сол құрылғыны бассаңыз сіздің аяғыңызбен смартфоныңыз байланыс жасап, тапсырыс береді. Сіз тек тетік басып, пиццаңызды күтсеңіз болғаны. Ал компания қызметкерлері  бәтеңке тұрған орынға сіздің шақыртуыңызбен келген пиццаны әкеледі.

Қазіргі таңда аяқ киімдердің 64 жұбы айналымда, болашақта әлі де көбейтеміз дейді компания басшылары.