inform.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл мереке — мемлекетіміздегі ерекше құрметті күн.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан төрткүл дүниеге танымал болып, ғасырларға тең жолдан өтті. Қазақстанның бастамалары бүгінде бүкіл әлемге танымал. Еліміз алыс-жақын жұрттармен аралас-құралас байланыста, стратегиялық әріптестікте Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың негізі болып келеді.

Барша қазақстандықтарды ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз. Атаның қанымен, ананың жасымен жеткен тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің іргесі мықты, халқының болашағы жарқын, табысы толағай қуатты мемлекетке айналсын! Мәңілік елдің еркіндігі мен бостындығын паш етіп, көк байрағымызды көкке көтерер ұрпағымыз саналы, иманды, білімді болсын!