Фото: radiotochka.kz

Тараз. 20 желтоқсан. 77news — Қазақстандықтар жаңа жылда сенбі, жексенбі күндерін қоса есептегенде 4 күн демалады.

Қазақстандықтар жаңа 2018 жылды жексенбіден дүйсенбіге қараған түні қарсы алады. Жаңа жылдық демалыс  төрт күнге, атап айтқанда 2017 жылдың 30 — 31 желтоқсанынан (сенбі және жексенбі) және 2018 жылдың 1-2 қаңтарына (дүйсенбі және сейсенбі) созылады.