Фото:365info.kz

Тараз. 20 желтоқсан. 77news — Әуесқой балық аулаушыларды Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары сақ болуға шақырады.

«Қазіргі уақытта өңірдегі су айдындарында мұздың жұқа болуына байланысты, балық аулау қауіпті»,- деп ескертеді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармасы жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәурен Тастанбеков.

Еске салсақ, былтырғы жылы облыста мұндай 10 оқиға орын алған болатын. Көпшілігі ескертпелерді ескермей, жұқа мұз үстіне шыққандар. Қазіргі уақытта сала мамандарының айтуынша, су айдындарында мұздың қалыңдығы — 10 см-ге жетер-жетпес. Өңірге қарасты Теріс-Ащы бұлақ, Тасөткел, Таскөл және Кіші Ақкөл мен Билікөл су алаптарында да осы жайт анықталып отыр.  Сондықтан барша нысандарда барлау-бақылау жұмыстары жүргізілуде.