Тараз. 21 қараша. 77news — Дағуасы дәмсіз, көтерген мәселесі күдік тудырған сілтемелер саны екі мыңға жуық. Соның ішінде жастарды жат діннің жетегіне жүруге шақырған 300-ге жуық сілтеме түбегейлі бұғатталды деп хабарлайды 77 news тілшісі. 

Сонымен бірге, дәстүрлі емес діни ағымға қатысы бар 31 сотталушы райынан қайтарылған. Аталған көрсеткіштер дін саласына арналған жиында жарияланды. Жалпы, өңірде 341 діни бірлестік бөлімдері тіркелсе, оның 46-сы христиандық бағыт бойынша. Бүгінде олардың барлығы мемлекеттің жіті бақылауында. Мамандардың айтуынша, облыста түсіндіру жұмыстары да жоспарға сай жүргізілуде. Жыл бойында 2965 іс-шара өткізіліп, оған 163 мың адам қамтылыпты.