Фото: Деловой Казахстан

 

Жаппай жұрт күтетін жаңа жыл мерекесіне 9 күн қалды. Күнізбе өзгерген сәтте көпшілік отшашуға құмар.  Бір сәтте қала жарылғыштардан жап-жарық болады. Көзге әдемі көрінеді. Бірақ, көпшілік одан келер қауіпті ескере бермейді. Тиісті мамандар Қытайдың бұл пиротехникаларының сатылымына тыйым салдық деп сендіреді. Алайда нақты істе нәтиже нөл. Кез-келген жерде отшашу емін-еркін сатылаыны рас. Әсіресе базар маңында сауда қызу.

Қаламыздағы нөмірі 1-ші ауруханадағы жарақат пункті қазір бос тұр. Бірақ, жаңа жыл тақағанда бұл жердің табалдырығын тоздыратындар көбейеді. Әсіресе отатқыштардан опық жегендер. Бұл жылда қайталанатындәстүрлі дүрбелең дейді-  ақ халаттылар. Тіпті, жарылғаштан жапа шегіп, аяқ-қолсыз  қалатындар кездеседі. Былтырдың өзінде өңір бойынша 60-қа жуық тұрғын салюттен сал боп қалған.

«Пиротехникалық заттардан зиян шеккендер әзірге жоқ. Әрі жыл сайын азайып келеді. Бірақ, зардап шегетіндердің дені балалар. Ал, жарылғышты дұрыс қолданбаудың кесірінен көбі қол, аяқ жарақатын алып келеді. Тіпті мүгедектікке дейін парауы мүмкін.  Сақ болуға шақырамын», — дейді №1 қалалық аурухананың травматологиялық пунктінің меңгерушісі Олег Шаюнусов. 

Мұны ескерген аймаққа жауапты  төтеншеліктер қазірдің өзінде бақылауды күшейтпек. Осылайша жарылғыштан келетін жазатайым оқиғаларды алдын-алмақ ниетте. Ал,  от алған сәтте көркі көз тартатын салюттарды сатудың өз ережесі бар. Мәселен, отатқыштың лицензиясы болуы, қауіптілік категориясы, сату мекенінің талапқа сай болуы міндетті екен.

Десе де партаменттегілердің дабылын пысқырмайтындар бар. Қаладағы ең үлкен сауда базарлардың бірінде отатқыштардың лицензиясы былай тұрсын, мұнда пиротехниклаық заттар ашықтан-ашық сатылып жатыр. Ең арзаны 100 теңгеден бастап, 100 мыңға дейін барады. Жарылғыш заттар жайлы сатудың, қолданудың ережесін айтқанымыз сол-ақ еді, сатушылардың әңгімесі басқаша.

Ал базар басшылығы қауіптілікті емес қаланың қамын көп күйіттейтін сыңайлы. Болмаса көз алдында  тұрған от шашуға көз жұма қарайтындай.

Нұрлан АСҚАР «77»