Тараз. 26 желтоқсан. 77news —  Жуалы ауданында бұрын-соңды бұл атырапта болмаған шаңғы алаңшасы ашылды. Оңтүстік өңірде кенжелеп қалған спорттың бұл түрін, енді дамытуға мүмкіндік туып отыр, деп хабарлайды 77news ақпарат агентігі.

Аумағы ат шаптырым алаңша Бауыржан Момышұлы ауылының кіреберісіндегі «Жастар аллеясы» аумағында орналасқан. Бұл бағытқа бюджеттен 2,2 млн теңге бөлінген. Оған арнайы орын дайындалып 130 шаңғы және 125 коньки алынған. Қары қалың Жуалыда шаңғы тебуге жағдай жасау орайын тапқан іс болды. Бір қызығы шаңғы тебуге қызығушылардың қатары көп екен. Ашылу салтанатына орай өткізілген жарысқа 120 оқушының қатысуы соның жарқын дәлелі. Қолдарына алғаш шаңғы таяғын алған олар 2500метр қашықтықта өнер көрсетті.