Тараз. 26 желтоқсан. 77news — Дайын құжатын ала алмай табанынан таусылған көп балалы ана төртінші билік өкілі      77 news ақпарат агентігінің тілшілеріне шағымын айтты.

Күні бойы сабылып дайын құжатын ала алмаған ана қарапайым халықты менсінбеген халыққа қызмет көрсету орталығына өкпелі. Мемлекеттік мекемелердің жауапсыздығы жас ананы жыларман күйге жеткізген. Айтуынша, Байзақ аудандық мекеме мамандары дайын құжат үшін ақша дәметкен бе? Болмаса бір апта бұрын АХАЖ бөлімінен келіп,  сөреде тұрған кәулікті  неге жасырып қалған дейді.

Байзақ ауданына қарасты Көктал ауылының тұрғыны, бес баланың анасы, Жолтаева Асылай шала туылған шақалағымен, баласының куәлігін ала-алмай сандалған екен. ХҚКО-ның қызметкері берген түбіртекте 20 желтоқсан күні дайын болады деген соң, сол күні құжатын алып, құндақтаулы баласын тұрғылықты жерге тіркеу құжатын да рәсімдеп кетуді ойластырған екен. Алайда оның ойы «тосын сый» кесірінен іске аспай қалды. Және ертесіне өтуі тиіс медициналық тексерістен де өте алмай қалады.

Шағымданушы, уақытын ұстап, моральдық тұрғыдан жүйкесіне зақым келтірген жауапсыз қызметкер тегін берілетін құжат үшін ақша дәметті ме екен деп ойлайды?

Заң бойынша құжаттың дайын болғандығы туралы смс-хат тиісті ата-анаға хабарлануы керек екен.  Бірақ заманауи технологияның игілігін мұндағыларға жетпепті. Саладағы салғырттық қарапайым халықты сандалтып қойған. Халыққа қызмет көрсету орталығы АХАЖ бөліміне сілтеп, құндақтаулы баласы мен анасын екі мекеме допша домалатқан. Ал жауапты бөлім осы жайтқа қатысты қызметкердің іс әрекетін алдағы уақытта  назарда ұстайтын боламыз дейді.

Шырылдаған ананың мақсаты — аталмыш мекемені қорқыту емес.  Өзі секілді сандалған жұрттың базынасын айту. Алдағы уақытта осы мекеменің қателігі басқада мемлекеттік қызметкерлерге сабақ болса екен дейді.