Тараз. 37желтоқсан. 77news — Бүгінде мемлекеттік қызметтің сапасына арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі мониторинг жүргізді. Бақылау халықтың мемлекеттік қызметке қаншалықты көңілі толатындығын анықтады.

Мемлекеттік қызметтің сапасын анықтайтын қоғамдық бақылау кезінде  аймақтағы 10 ауданда жиі кездесетін 74 қызмет түрі қамтылды. Сұрау салынған 1400 респондент арасындағы қанағаттану көрсеткіші 79,6 пайызды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда аталған цифр 5,9 пайызға азайған екен.

«Жастар зерттеу» АҚҰ төрағасы Парида Мамедованың айтуынша, мониторинг жүргізуге мемлекеттік қызметтің нашарлағаны себеп болған. Әсіресе, денсаулық сақтау саласы мен жер қатнастар бөліміндерінде сапа төмендеген.

Жалпы алғанда мемлекеттік қызмет сапасына 3 пен 5 балл арасында баға беріледі. Қызметкерлердің коммуникациясы нашар, 3-тен төмен деп бағаланған сала  денсаулық сақтау және жер қатынастары бөлімі екен.

Дөңгелек үстел соңында аталған мемлекеттік мекемелерге  қателіктерді жойып, қызмет сапасын жақсартуға қатысты тапсырмалар берілді.