Фото:Today.kz

Тараз. 27 ақпан. 77news — «Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады. Сондай-ақ еліміздің өзге аймақтарында ауа-райының құбылмалылығы сақталады деп хабарлайды синоптиктер.

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.

Кей жерде бұрқасын, көктайғақ болады. Бұған дейін хабарланғандай, 27 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады; тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.

Мамандардың айтуынша, ауа-райының нашарлығы апта соңына дейін сақталуы мүмкін. «Жұмыс аптасының соңында алдымен оңтүстік, кейінірек солтүстік-батыс циклондар қар бұрқасын, боран және жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел әкеледі. Ел аумағындағы ауа температурасы төмендейді», — деп хабарлайды синоптиктер.