Фото: sputniknews.kz

Тараз. 27 желтоқсан. 77news — Жүргізушілер бірінші желтоқсанға дейін көлік дөңгелегін қысқы түріне ауыстыру керек. Ал, бұған немқұрайлы қарағандарға айыппұл салынады. Бұл туралы 77news ақпарат агентігі хабарлайды әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

Заң бойынша, қыста тікенекті доңғалаққа көшу барлық жүргізішілерге қойылатын талап. Алайда, жамбылдық жүргізушілер ескертепені елемей жаздық дөңгелекпен жүрген көрінеді.  Мамандардың айтуларынша, өз уақытында көлік дөңгелегін маусымға сай ауыстырмағаны үшін жүргізушілер бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 9 910 теңге айыппұл төлейді екен.

Қысқы доңғалақтарға ауыстыру қызметінің құны 2 мың мен 5 мың теңгенің аралығында. Баға резеңкенің көлеміне байланысты. Сондай-ақ, көлік дөңгелегі шегелі дегенді білдіретін «Ш» белгісін жапсыру биылдан бастап міндетті емес. Жол қозғалысына қатысты заңға енген өзгерістің бірі осындай.

Темір тікенекті доңғалақтар орта есеппен 2-4 қыста жүруге жарайды. Тек бедері 4 мм-ден жұқарса, жарамсыз болып есептеледі. Жамбылдық жүргізушілер көбіне арзанына жүгіреді, ол түсінікті жәйт. Алайда арзанның жілігі татымайды деген де бар.

Қысқы және жазғы доңғалақтардың айырмашылығы тек «тікендерінде» ғана емес. Қысқы дөңгелектер төменгі температураға төзетін химиялық құрамнан жасалады екен. Көп адам қысқы мен жазғыға бірдей шығындалғысы келмей мезгіл таңдамайтын доңғалақ ала салады. Алайда ол үнем болмайды дейді мамандар.