Фото:Sputnik Казахстан

Тараз. 27 желтоқсан. 77news — Тараз әуежайы   ауа-райының нашарлауына байланысты уақытша жабылды деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінен. 

«Тараз қаласының әуежайы 27 желтоқсанда жергілікті уақытпен 05:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты жабылды. Қазіргі уақытта әуежай маңындағы желдің жылдамдығы секундына 25 метр, кей уақытта 28-30 метрге дейін жетеді. Ал ұшып-қону алаңында 5 мм-ге дейін мұз қатқан», — деп хабарлады азаматтық авиация комитетінен.

Ведомстваның мәлімдеуінше, «ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір рейстер уақытша кешіктірілген». Сондықтан жолаушылар алдын ала әуекомпаниясына хабарласып, рейс статусын нақтылап алғаны дұрыс деп ескертеді мамандар.