Тараз. 27желтоқсан. 77news — Тұрғындар сұранысының артуына байланысты «Жолаушы тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар төмендегі бағдарлар бойынша қатынайды:
«Астана Нұрлы жол-Павлодар» бағытында №174/173 пойыз 1 рейс жүреді. Пойыз Астанадан 30 желтоқсан күні 23 сағат 50 минутта жолға шығып, Павлодарға 31 желтоқсан күні 05 сағат 46 минутта жетеді. Кері бағытта Павлодардан 31 желтоқсан күні 09:15-те жүріп, Астанаға 31 желтоқсанда 15:15-те жетеді. Пойыздың 22 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд», тағы біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 18-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны — 346.
«Астана Нұрлы жол-Шымкент» бағытында №178/177 пойыз 2 рейс жасайды. Пойыз Астанадан 27 және 29 желтоқсан күндері 22:30-да жолға шығып, Шымкентке 28 және 30 желтоқсан күндері 17:05-те жетеді. Кері бағыттағы пойыз Шымкенттен 28 және 30 желтоқсан күндері 18:05-те жолға шығып, Астанаға 29 және 31 желтоқсан күндері 12:54-те жетеді. Пойыздың 24 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 21-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны — 425.

Еске сала кетсек, бұрын мереке күндері сұранысы жоғары бағыттар бойынша қосымша тағы 15 пойыз шығарылған болатын.