Фото: today

Тараз. 27 желтоқсан. 77news — Тараз қаласында бұрынғы әріптестерін пышақтап, қашып кеткен Мұрат Үмбеталив он бес жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 77news тілшісі сот залынан.

Еске сала кетейік, қанды оқиға 9 тамыз күні Тараз қаласындағы «Арай-плаза» бизнес орталығында болған. Облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы қызметкері Мұрат Үмбетәлиев әріптестерімен болған төбелесте М.Жетпісбаев пен Е.Бектұрғановты пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен еді.  Бүгін Мұрат Үметалиев ісіне қатысты сот отырысы межесіне жетті. Нәтижесінде сот айыпталушыны он бес жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім қабылдады.

Осыған дейін хабарланғандай, Мұрат Үмбеталиев жұртшылыққа «Бамбук» деген лақап атпен танылған. Мұрат Үмбеталиев ОІІБ Есірткі қылмысына қарсы басқарма басшысы қызметін атқарып келген. Шу ауданының тумасы.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Шу ауданының тұрғындары тарапынан Мұрат Үмбеталиевке қарсы наразылық туған кездері болған. Мәліметтер бойынша, оған себеп көптеген адамдардың есірткі саудасымен айналысады деген күдікпен жазықсыз ұсталып жазалануы. Күдіктілердің қалталарына есірткі заттарын салып жіберіп, артынша іс қозғап, оларды абақтыдан алып қалу үшін қомақты түрде қаржы талап ету көбейген. Жұртшылық бұл операцияларды ұйымдастырушы Үмбеталиев деп есептеген.