Тараз. 27 желтоқсан. 77news — Тараз қаласында бұрынғы полиция қызметкері Мұрат Үмбеталив он бес жыл бас бостандығынан айырылды. Алайда айыпталушы тарап сот шешімімен келіспейді, деп хабарлайды 77news тілшісіне сұхбат берген Үмбеталиевтің адвокаты.

Еске сала кетейік,  9 тамыз күні Тараз қаласындағы «Арай-плаза» бизнес орталығында полиция қызметкерлері төбелесіп, облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы қызметкері Мұрат Үмбетәлиев әріптестеріне пышақ жұмсаған екен. Бүгін Мұрат Үметалиев ісіне қатысты сот отырысы межесіне жетті. Нәтижесінде сот төреағасы айыпталушыны он бес жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Өңірге «Бамбук» лақап атымен белгілі, облыстық экстремизмге қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы лауазымды әріптесі мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысын пышақтады деп айыпталған. Оның үстінен «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ Үмбетәлиевтің өзі де, адвокаты да тағылған айыппен келіспей отыр.

Үмбеталиевтің адвокаты Талғат Бейісбековтың айтуынша, бұл — өте қатаң және заңсыз, негізсіз шешім. Мұндай жаза бірнеше рет сотталған және кісі өлтірген адамдарға беріледі екен.

Он бес жылға жаза кесу — Жамбыл облысында бұрын соңды болмаған жаза. Талғат Бейісбеков алдағы уақытта аппилияциялық сот, жоғарғы сот интанцияларына да шағымданатынын айтты.