фото:amazon.com

Тараз. 28 желтоқсан. 77news — Galaxy Note 8 жаңа флагманын шығарған Samsung компаниясы Apple өнімдерін нарықтан ығыстыра бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі m.kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

 Америкалық Apple Inc компаниясы әлемдік смартфондар нарығында көш бастап келеді. Бірақ, 2017 жылдың үшінші тоқсанында оның нарықтағы үлесі күрт азайды. Бұл мәліметтерді Counterpoint Research келтіріп отыр. Компания сарапшыларының айтуынша, Apple шілде-қыркүйек айларында смартфон сатудан түскен әлемдік табыстың 60%-ын иеленді. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 86% болған.
Мамандар Apple компаниясының нарықтағы үлесінің төмендеуін, оның өткен тоқсанда белсенді түрде ескі смартфондар сатқанымен байланыстырды. Мұнымен қатар, Galaxy Note 8 жаңа флагманын шығарып, әлемдік табыстың 26%-ын иеленген Samsung тарапынан көрсетілген бақталыстық та әсер етті.

Көшбасшылар бестігіне Қытайдың Huawei, Oppo және Vivo сынды компаниялары кірді. Бұл компаниялардың әрқайсысының үлесі 5%-дан аспайды. Жыл басынан бері компания капитализациясы 47% өсіп, 875,75 млрд долларға жеткен.