Фото:suseky.com

Тараз. 28 желтоқсан. 77news —Қазақ итті жеті қазынаның біріне жатқызады. Тауықтан кейін төрге озатын ит жылы жақсылықтар көп болады, — деп есептеген көне көздер.  Ит жылы дүниеге келген адамдардың мінез болмыстары қандай?

Қазақ ұғымында мешін, тауық жылдары ауыр жылдар болып есептеледі. Қауіп-қатер, жоқшылық, табиғи апаттар жиі болады деп жатады. Ал бұл екеуінен кейін келген ит жылында осы ауыртпалықтар жеңілдейді деген түсінік бар. Тарихқа үңілсек бұл түсініктің растығына көз жеткізесіз.  1920-1922 жылдар аралығында Кеңес одағында алапат аштық орын алды. Келесі қиын кезең — тағы да осы мешін мен тауыққа тура келген 1932-33 жылдар. Бұл кезеңде Қазақстанда тағы ашаршылықты бастан өткізді.  Сондай-ақ, қилы жылдар тізбегін Ұлы Отан соғысы жалғастырады. Ал сол нәубатты жылдардың соңында әрқашанда ит жылы  келіп, қиындық жеңілдейтін болған. Мешін мен тауыққа тура келген 1968-69 жылдары да құрғақшылық болды. Жағдай 1970-ит жылынан бастап қалыпқа түсе бастапты. Бұдан кейін келген 1982, 1994, 2006 жылар да ел үшін жайлы жылдар болып есептелді.

Әділдікті жаны сүйеді

Жұлдызшылардың жорамалына қарағанда, ит жылы дүниеге келген адамдар әділдікті жаны сүйеді, өзінің құқығы үшін күресуге барын салады. Байлыққа  қызыға бермейді. Бірақ, өзіне қаржы қажет болса, қайдан болса да таба алады. Мін тауып, сын айтуға бейім келеді. Ал, бұл жылы дүние есігін ашқандар көбіне мұғалімдер мен бизнесмендер екен.

Тыныштықты жақсы көреді

Ит өзінің иесіне адал қызмет ететін хайуан. Ол сонымен бірге өте сақ. Алайда «иттерге» тән бір кемшілік-олар өзгелермен тіл табыса бермейді. Себебі ит жылғылар өзінің ойын жақсы жеткізе алмайды. Ит жылы туғандар тыныштықты жақсы көреді. Олар өзгелерге көмектесуге әзір тұрады, бірақ сатқындықты, өзін алдап кеткендерді кешірмейді.

Жұлдызшылардың ұсынысы

Жұлдызшылар ит жылында қол қусырып қарап отырмай, еңбек еткендер үшін қаржылық тұрғыдан табысты болады дейді.  Сондай-ақ қарызыңыз болса, Жаңа жылға дейін құтылып және келер жылы қарыз алмауға кеңес береді.

Ит жылы дүниеге келгендер

Ит жылы әлемге әйгілі тұлғалар:  Майкл Джексон, Софи Лорен, Бриджит Бардо, Стивен Кинг, Уинстон Черчилль, Лайза Минелли, Сильвестр Сталон, Ги де Мопассан, Виктор Гюго, Александра Дюм, Эрнест Хемингуэй, Сократ, Юрий Гагарин дүниеге келген.

Қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Кеңес одағының Батырлары Талғат Бигелдинов, Тоғанбай Қауынбаев, күміс көмей әншілер Роза Бағланова, Нұржамал Үсенбаева,  ақын-жазушылар Сафуан Шаймерденов, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Оспанхан Әубәкіров, Қалаубек Тұрсынқұлов, Ерсін Қойбағарұлы, Қасымхан Бегманов, Ғалым Жайлыбай, танымал мәдениеттанушы Әуезхан Қодар, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев, экс-мәжілісмендер Уәлихан Бишімбаев, Шалатай Мырзахметов, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, экс-премьер Серік Ахметов, экс-министрлер Серік Баймағанбетов, Нұрлан Қапбаров, вице-премьер Ерболат Досаев, сенатор Әлімжан Құртаев ит жылы туған.

Фото:alashainasy.kz

Қазақтың атын әлемге танытқан спортшылар Мәулен Мамыров пен Генадий Головкин, ерекше дауыстағы әнші Димаш Құдайбергенов те ит жылы дүниеге келген екен.