Фото:Kapital.kz
Тараз. 28 желтоқсан. 77news — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда
Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, журналист БАҚ-та жеке, отбасылық, дәрігерлік, банк, коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды тарату үшін жеке тұлғадан немесе оның заңды өкілінен рұқсат сұрауы керек.  Заңдағы өзгерістер алдағы уақытта толық БАҚ-та жарияланады.