Тауық жылы жамбылдықтар жетістікке жеткен сегіз сала

0
63
Фото: inform.kz

Тараз. 29 желтоқсан. 77news — Тауық жылының күнтізбедегі соңғы беттерін парақтай отырып, Жамбыл облысында 2017 жылда жеткен жетістігімізді сараласақ. Сонымен облысымыздағы жыл  жаңалықтары қандай болды?

Фото: inform.kz

ЖАҢА ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАР

Жамбыл облысы Байзақ ауданында жылына 9 мың тонна өнім өндіретін ұзын кеспе шығаратын «РОЛЛA-ЯН» ЖШС  автоматты жүйеде жетілдірілді.

Қордай ауданында жылына 3 мың тонна қуаттылықпен «Первомай жеңсік ас» ЖШС-нің шұжық цехы  қайта құрылды.

Талас ауданында 1,9 млрд. теңге сомасына ұсақ түйіршікті жинақтағыш  зауыты іске қосылды.

Жамбыл ауданында құны 914,4 млн теңге қамтитын, жылына 63 млн жұмыртқа және 196 тонна ет өндіретін құс фабрикасы жұмысын бастады.

«Орталық Азиялық қант корпорациясы» ЖШС-нің Меркелік бөлімшесінде құны  1.01 млрд. теңге болатын жоба қайта құрылымдалды.

Тараз қаласында «AlinaHolding» ЖШС құрылыс материалдарын байланыстыратын гипс өнідіріс зауыты іске кірісті.

«Goodlook сайда үйі» ЖШС   азық өндіруге арналған автоматтандырылған кешенді іске қосты.

Мойынқұм ауданы «Оргстрой» ЖШС  гранит, мәрмәр және гипс өңдіретін кәсіпорын ашылды.

Фото:inform.kz

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Жамбыл облысы ғылыммен бірлесе жұмыс жасап, бидай мен қант қызылшасының шығымдылығын артырды. Нәтижесінде, Жамбыл дақыл өсірушілері осы жылы 623,5 тонна бидай мен арпаны еккен болатын. Егіннің орташа шығымы 24,1 центнерден асып, өткен жылғы рекордтық көрсеткіштерді басып озды. Сонымен қатар, Жамбыл қызылша өсірушілері де ауа-райының өте қолайсыздығына қарамастан  9 мың гектарға, «тәтті тамырын» екті және 180 мыңнан астам тонна өнім жинады.

Өңірдегі мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жамбыл еті жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді, оны тек Қазақстан ғана емес, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Бахрейн және тіпті көрші Қырғызстан тұтынушылары да пайдаланады. Бүгінгі күні Жамбылдық етпен тек аймақ ғана емес, сонымен бірге Қазақстан мен шет елдерге де экспортталады. Жамбыл облысында 1000 тоннадан астам қой еті Иранға жеткізілді. «Мерке Ет комбинаты» ЖШС «Мерке ЕТ» ЖШС модернизациялау және жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Иранға «Халал» маркалы тоңазытылған қой етіне тапсырыс алды.

Фото:inform.kz

ТУРИЗМ

Бүгінде облыста 44 туристік агенттіктер, киіз үй лагері, 8 демалыс аймағы, 10 балалар сауықтыру лагерлері, балшық және минералды сулармен емдейтін 5 курорттар жүмыс істейді. Аймақта саяхат жасау үшін тартымды бес мемлекеттік табиғи қорық және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енген Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер — Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Костөбе және Ақыртас қалалары бар. Барлығы облыста 2934 археологиялық, оның 111-і — тарихи, 97- архитектуралық және 28 монументалды өнер ескерткіштері жаңашаланған.

Биылғы жылы Таразда көне қалашықтың ежелгі жерінде археологиялық жұмыстар кезінде табылған экспонаттар жинақталған «Ежелгі Тараз» жаңа мұражайы ашылды. Бұл — Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз мұражай.

2017 жылы Тараз қаласында Қытайдың, Кореяның, Малайзияның, Германияның, Ресейдің, Қырғызстанның және басқа да еуропалық және азиялық елдердің 350 шетелдік туристік өкілдерін жинаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Ежелгі Тараз-2017» халықаралық туристік форумы өтті. Форум аясында «Қазақстанның Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат», «TARAZ FASHION DAY», қытайлық және отандық туроператорларға арналған ақпараттық турлар өтті.

Фото:inform.kz

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыста бірқатар қызықты жобалар жүзеге асырылды. «Бір бала — бір ағаш» жобасы аясында жаңа туған балалардың ата-аналары Жамбыл облысында мыңдаған ағаштар отырғызды. Бұл — патриотизм сезімін нығайту, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, Жамбыл облысының жасыл аймағын құру мақсатында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұзақ мерзімді жобасы.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жерге туыңды тік!» акциясы ұйымдастырылды. Осы жоба аясында Жамбыл облысындағы табысты адамдар туған өлкелерінің көркеюіне өз үлестерін қосты. 31 қазанда бұл акция облыстың барлық аудандарында бір мезетте басталып,  қаланы аббаттандыру үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 2 млрд 120 млн теңге жиналды.

Фото:inform.kz

ГАЗДАНДЫРУ

Жамбыл облысында 181 елдімекен газдандырылды, бұл газдандырудың 48%-ын құрайды. 2020 жылға қарай Жамбыл облысын 87% газдандыру жоспарланып отыр. 

2017 жылы Қазақстан-Қытай газ құбыры магистралі — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының №3 компрессорлық станциясының өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін Айша-бибі кентінде жаңа газ инфрақұрылымы іске қосылды. Сондай-ақ 2017 жылдың соңына қарай Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылда газ реттегіш станциясы салынды.

Фото: inform.kz

ЕУРОХИМ

2017 жылы Сарысу ауданында «ЕуроХим» халықаралық холдингінің құрамына кіретін, миллиондаған тонна фосфорит қышқылын өндіретін «ЕвроХим-тыңайтқышы» жобасын іске қосты. Компания аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай қаражат салды. 2017 жылы ол 23 мың халқы бар Жаңатас қаласын сәулетін және қала ландшафтын жаңарту жобасын ұсынды.

Фото:inform.kz

МӘДЕНИЕТ

Италияның танымал әншісі Роберто Лорети көне шаһар Таразға келіп, концерт берді. Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябақтың жазғы сахнасында халықты әуезді әнімен екі сағат бойы сусындатты. 

Сондай-ақ, мәдени шаралар Жамбыл облысының бір туар азаматы Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейтойын өткізумен толықты.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының орыс драма театры «Славия-2017» ХVI Халықаралық фестиваліне қатысып, Сербия Республикасына барып қайтты.

Таразда «Ұлы дала көкжиектері» суретшілерінің халықаралық симпозиумы өтті.

Фото:inform.kz

СПОРТ

Мехико қаласында (Мексика) өткен Әлемдік Паралимпиада ойындарында Зульфия Габидуллина екі медальді жеңіп алды.

Бұған қоса, Қазақстанның бірінші кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова Болгариядан өзінің қарсыластарын жеңіп, WIBA және WBU нұсқаларында әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Парижде өткен әлем чемпионатында Тараздық Ақжүрек Таңатаров қола жүлде иеленді.

Тараз қаласындағы «Монтажник» жеке клубының тәрбиеленушісі Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан жасөспірімдер құрамасында ағымдағы жылдың қаңтарында «Үздік шабуылшы» атанды.