Фото:worldtravelserver.ru

Тараз. 29желтоқсан. 77news — Денсаулық саласында мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаржы көлемі де артып, 2017 жылы 7,3 млрд теңге бөлінген. 9 айда оның 5,1 млрд теңгесі игерілген, -деп хабарлайды 77news ақпарат агентігі. 

Жылдың соңы — барлық саладағы еткен еңбектің нәтижесін шығарып, қорытындылайтын уақыт. Денсаулық сақтау саласы – жыл бойы табанды жұмыс істеп, тиімді көрсеткіштерге қол жеткізген сектордың бірі. Салаға  мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаржы көлемі де артып, 2017 жылы 7,3 млрд теңге бөлінді. 9 айда оның 5,1 млрд теңгесі игеріліп үлгерді. Тақырып желісін ары қарай тілшіміз тарқатадаы.

Мәселен, 1 қалалық ауруханадағы  жарақат бөлімшесі жылына 1500-ға жуық науқасты емдеп шығарады. Аудандық емханалардың мүмкіндігі жетпейтін ең күрделі операциялар да осы жерде жасалады. Заманауи тәсілдерді қолданып, жасанды буын, ұршық буынын, тізе буынын алмастырады. Биыл жаңа аппарат алып, жарақаттанған жерді артық темір құралдың көмегінсіз тек қана тоқпен күйдіріп, емдеуге мүмкіндік болды.

Бөлімшедегі дәрігерлердің 70 пайызға жуығы жас мамандар.  Олар шетелге барып, халықаралық конференцияларға қатысып тәжірибе жинап жүр. Айта кету керек,  облысымыз бойынша жоғары санатта 700-ге жуық дәрігер жұмыс істейді екен. 9 ай қорытындысы бойынша, 101 маман жұмысқа орналастырылды. Білікті мамандар арқылы аймақтағы денсаулық сақтау индикаторлары да жақсарып келеді. Ана мен бала өлімі төмендеп, өкпе де дертіне шалдыққандардың көрсеткіші 10% -ға азайды.

Елеуге болар жетістік – алыстағы елді мекендерге арнайы жылжымалы медициналық кешендер жіберілді.  Енді түкпірдегі тұрғындардың дәрігерге бару уақыты жылдамдай түспек.  Сондай-ақ, өңірдегі медициналық мекемелерде қағазбастылық пен кезексіз қабылдауларды жою үшін ақпараттық жүйе енгізілілген.