Фото: sportsffa.kz

Тараз. 30 желтоқсан. 77news — Барселонада доп теуіп жүрген қазақ баласы Ла лигада қалуды армандайды, деп хабарлайды Астана футбол федерациясы.

«Жамбыл Қайырбек. Бүгінде Барселонадағы «Fundacion Marcet» футбол мектебінде тәлім алып жүр. Келесі жылы Испанияның «Эспаньол» футбол клубының оқу-жаттығу жиынына қатыспақ. Яғни, алдағы бір-екі маусымда қазақтың қарадомалақ баласын Ла лигадан көріп қалуымыз әбден мүмкін», — деп жазылған федерацияның ресми сайтында жарияланған мақалада

1996 жылы туған Жамбылдың Испаниядан оралғанына бір аптаға жуықтапты.

«Қыркүйек айынан бері Барселонадамын. «Fundacion Marcet» футбол мектебінде жаттығып жүрмін», — деді Жамбыл Қайырбек.

Оның айтуына қарағанда, «Fundacion Marcet» Испаниядағы ең мықты футбол мектептерінің бірі.

«Ол жақта чемпионат ерте басталып қойғандықтан, фитча алып үлгермедім. Осы күнге дейін тек жолдастық кездесулерде ғана алаңға шығып жүрдім. Бәлкім, жаңа жылдан кейін фитча алып, ресми ойындарға шыға бастайтын шығармын»,- дейді спортшы.