Фото:astana-akshamy.kz

Мейлі қар жамылған елде, мейлі пальмалы ыстық жағалауларда жүрсек те, жаңа жыл қашан да ерекше қуанышпен келетін мереке. Оны ойыншықтармен безендірілген жасыл шыршасыз көз алдымыз елестете алмаймыз. Олай болса оқырман қауымға Жер-Ананың түкпір-түкпіріндегі алуан түрлі шыршалардың шырайына тамсануды ұсынамыз.

Париж, Франция

Парижде  Осман саябағындағы Galeries Lafayette флагмандадықтардың дүкеніне әйгілі күмбез астында жыл сайын шырша безендіріледі. Көздің жауын алатын Рождестволық шыршалардың дизайны жыл сайын өзгеріп отырады. 

Фото:liza.ua

Вильнюс, Литва

Вильнюстегі Собор алаңы және оның ғажайып шыршасы бүкіл әлемнің жүздеген мың туристерін баурап алған. Биылғы жылы да жаңа жылдық жасыл ағаш әлемдегі ең әдемі шыршаның тізіміне енді.

Фото:liza.ua

Мельбрун, Австралия

Австралия жаңа жылдық шыршалармен таңқалдыруда алдына жан салмайды. Ондағы керемет шырша  Legoның кішкентай бөлшектерінен тұрады. Майда ойыншықтанжасалған үлкен шырша Мельбрундық тұрғындарға тамаша көңіл күй сыйлайды.

Фото:liza.ua

Нью-Иорк, США

Рокфеллер орталығындағы Рождестволық шырша әлемдегі ең сәнді жасыл ағаштардың бірі болып саналады. Шырша осы алаңға орнату 1933 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.Сол уақыттан бері америкалықтар дәстүрлі түрде  шырша тойын осында  тойлап келеді екен.

Фото:liza.ua

Тайпей, Тайвань

Тайпей тұрғындары мен қонақтары желтоқсан айында ғажайып, әрі жаңа жылдық ғажайыпты көре алады. Шырша көркі түнде өтетін жарық шоуымен ерекшеленеді. Жарықдиодты ағаштың биіктігі — 36 метр.

Фото:liza.ua

Рио-де-жанейро, Бразилия

Бұл — Лагоа өзені бетінде қалқыған қараса көз тоймайтын жаңа жыл символы. Шырша әлемдегі ең сұлу және ең үлкен жасыл ағаш ретінде Гиннес рекордтар кітабында жеке рекордқа ие болған. Оның биіктігі — 82 метр. Жыл сайын ол ерекше түрде безендіріледі және түрлі тақырыптардың жарық көрмесін ұйымдастырады.

Фото:liza.ua

Турин, Италия

Италияға барған туристтерді ерекше шырша мерекелік көңіл-күйге бөлейді. Ол — Миландағы Пьяцца Кастеллода орналасқан және ерекше геометриялық пішіндегі шамдармен жасалған витражды ағаш.

Фото:liza.ua