Фото:express-k.kz

Тараз. 31 желтоқсан. 77news — Фируза Шарипова белгиялық қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді, деп хабарлайды 77news ақпараттық агентігі.

Алматы Аренада өткен бокс кешінде жерлесіміз Фируза Шарипова белгиялық Джемилла Гонтарюкпен күш сынасты. Нәтижесінде ұпай санының айқын басымдылығымен жеңіске жетіп, IBO и WBC Silver тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды.

Бұл — Фирузаның кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегі. Боксшы қыз өзіне артылған жүкті абыроймен арқалай білді. Және жеңісін өз халқына арнап, қолдау көрсеткен жандарға алғысын жеткізді.