heraldextra.com

Жаңа жыл күні бүкіл әлем қуаныш құшағындағыдай күй кешеді. Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Сол шашылған шуақ бізді болашаққа жетелеп, келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге қуаныш ұялатып, алға жетелейді.

Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе–назын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алайық. Есігімізден кіріп, төрімізге озғалы отырған Ит жылында елімізде тыныштық, молшылық болсын! Әрбір шаңырақ шаттыққа, нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!
Ортамыз ойсырамай, Алла Тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін!