Фото:Kapital.kz

Тараз. 3 қаңтар. 77news — Осы жылы ауыл шаруашылық тауарлары 7-10%-ға қымбаттайды. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов осындай болжам жасады. 

«Қазіргі нарық жағдайында азық-түлік бағалары өзгеріп жатыр. 2018 жылы ет өнімдерінің, сүт, шұжық, қаймақ және жұмыртқа құны көтерілуі мүмкін. Өсім инфляция деңгейі тәрізді 6-8% болады. Баға өзгеруі аймаққа да байланысты. Айталық, Қазақстанның оңтүстігіндегі көкөніс пен жеміс-жидек бағасы солтүстікке қарағанда арзандау», — дейді ол.

Ал нан және нан өнімдерінің бағасы былтырғы деңгейде қалады деген болжам бар. Алдын ала есептеу бойынша, елімізде 22 млн тонна бидай жиналған. Әрі мамандардың айтуынша, осы жылы отандық бидай жоғары сапасымен ерекшеленіп отыр.

Ет бағасы маусымға байланысты өзгеріп отырады. Агронарық сарапшыларының пікірінше, осы жылы баға көтерілуі мүмкін. Себебі жем бағасы да әр маусым сайын құбылып отырады. Мысалы, өткен жылы бір бума шөптің бағасы 250-300 теңге болса, қазір 400 теңгеге жетеді.

Ет пен ет өнімдерінің бағасына әсер ететін тағы бір фактор — мал мен құс бордақылайтын, сүт өндіретін, жем дайындайтын және басқа да ауыл шаруашылықтарын ұжымдастықтарға біріктіру. Бұл мал шаруашылығы өнімдерін көбейтуге мүмкіндік береді.

«Соңғы 15 жыл бойы еліміздегі ет бағасының көктемде көтерілетінін байқадық. Мамандардың есептеуінше, бағаны тұрақты сақтап тұру үшін күзде 10 мың тонна ет сатып алынуы керек, әр аймаққа 700-1000 тонна ет келеді деген сөз. Әкімдіктерге азық-түлік қорларын толтыру туралы тапсырма әр жылдың шілдесінде айтылады.  Бүгінде облыс әкімдіктері бағаны тұрақтандыру қорлары үшін белгіленген көлемнің 15%-ын алып үлгерді», — дейді Есполов.

Ал көкөніс пен жеміс-жидек бағасы 2018 жылы 7-10%-ға артады. Бірақ олардың құны да маусымға байланысты. Сүт көктемнен бастап арзандайды. Өз кезегінде сүт өндіруші зауыттардың мәлімдеуінше, өнімге деген сұранысты қанағаттандыру үшін құрғақ түрін шығаруды жоспарлар отыр.

«Қазақстандықтарың ет пен ет өнімдеріне жұмсайтын шығындары ұлғайып жатыр. Егер 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында ол тауарларға тұтынушылық бюджетінің 14,6%-ы жұмсалса, осы жылы үлес 15,3%-ға өсті. Ал 2017-де тұрғындар ет пайдалануды 0,5%-ға, нан мен жарманы 0,7%-ға арттырған.

Қазір билікте бағаның күрт өсуіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондықтан барлық базар мен сауда орындарында тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. Тексеру қорытындысы бойынша, кейбір нүктелерде сауда иелерінің бағаны заңсыз өсіретіндігі анықталды.