Тараз. 4 қаңтар. 77news —   ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Құдайберген Ержан мен Бекболат Тілеухан өңірге арнайы іс сапармен келді, — деп хабарлайды 77news ақпарат агенттігі.

Мәжлісмендер алдымен «Арай 2» шағын ауданына ат басын бұрды. Мұнда депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға куә болды. Құрылыс орнымен тыңғылықты танысқан халық қалаулылары облыс басшылығы мен мердігер мекемелерге бас бармақпен баға берді. Жалпы, қазір «Арай» алқабындағы 16 үй пайдалануға берілген. Енді жоспарға сәйкес тағы 3 үй қолданысқа берілетін болады. Бұдан бөлек Таразда тағы 400 гектардан асатын аумақта екі бірдей шағын аудан бой көтеруде. Жауапты мамандардың айтуынша, 15-ші мөлтек ауданындағы 10 үйдің құрылысы биыл басталыпты. Ал, оған 1 млрд 800 млн қаржы қарастырылған. Келесі жылы тағы да 10 үй пайдалануға берілмек. Айта кетейік, 10 күндей Таразда болатын депутаттар өңіріміздегі тағы да басқа бірнеше нысандармен танысуды жоспарлап отыр.

Осы аптада қосымша «Тараз энерго орталық» АҚ-ның және «Тараз Су» КММ-нің жұмыстарымен танысатын болады.