Фото:inform.kz

Тараз. 4 желтоқсан. 77news — Өңірімізде 1 қаңтардан бастап көгілдір отынның бағасы қымбаттады. Мұндай өзгеріс тек Жамбыл өңірінде ғана емес, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында да байқалып отыр.

Бұған дейін көгілдір отынның бір текше метрі 23 теңге болса, енді тұрғындар 24 теңге 35 тиын төлейтін болады. Бұл әрине қарақұрым халықтың қалтасына ауырлық етпей қоймайды. Тұрғындар, «коммуналдық қызметтердің қымбаттауы қынжылтады. Оның үстіне айлық жалақымыз да өзгеріссіз қалды» дейді олар. Ал, жауаптылардың сөзіне сенсек, бағаның өсуіне тасымалдау қызметі әсер еткен.

«Газдың өзгеруі ол газ тасымалдаушының бағасының өзгеруіне байланысты. Бүгінгі таңда «Қазтрансгазаймақ» акционерлік қоғамына шекті деңгейі тарифтері бекітілген. Олар жыл сайын 1 қаңтарда өзгеріп тұрады», — дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы Бауыржан КӨРПЕБАЕВ.

Сондай-ақ, мамандар, «қаңтар айының соңғы аптасында су мен электр энергиясының құны да өзгеруі мүмкін» дейді.