Фото:Sports.kz

Тараз. 5қаңтар. 77news — 39 жастағы Самат Смақов футболшы мансабын аяқтап, «Ақтөбе» клубының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KazFootball.kz сайты хабарлады.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және команданың бас бапкері Владимир Муханов Қазақстан құрамасының рекордшысы, «Ақтөбенің» бұрынғы капитаны Самат Смақовпен кездесті.

Кездесу соңында Самат Смақов «Ақтөбенің» бас директоры болып тағайындалды. Ал клубтың спорт директоры Ұлықбек Асанбаев болды. Бұған дейін бас директор болып істеп келген Мақсат Түмәлиев бұл лауазымда бір жыл ғана тұрақтады.