Фото: sputniknews.kz

Тараз. 5қаңтар. 77news — Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.