Фото: Егемен Қазақстан

Тараз. 5 қаңтар. 77news — Мұнай бағасы тұрақтанбай тұр . Әлемдік нарықтағы қара алтынның баррелі таң ертең 68 доллардан асқанымен , түс ауа қайтадан төмендей бастады. Қалай болғанда да мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет  2015 жылы тіркелген болатын.

Brent маркалы мұнайдың баррелі кешелі бері шамамен 2 пайызға көтеріліп, 67,86 долларды құрап тұр. Ал WTI (даблю ти ай) 0,8 пайыз өсім беріп, 61,83 долларға жетті. Сарапшылардың айтуынша, бағаның көтерілуіне  бірнеше себеп бар. Соңын бірі Сириядағы мұнай құбырының жарылуы. Және өткен аптада Иранда басталған көтеріліс те бағаға әсер еткен дейді экономистер. Әйтпесе, баррелі 65 доллардан аспауы керек екен.

Сергей Полыгалов , сарапшы:

-Әлемдегі қақтығыстар қара алтынның қымбаттауына әсер етеді. Бұл жолы оның құнының көтерілуіне Сирия, Ирандағы саяси жағдай және Норвегия құбырларындағы техникалық ақау себеп болды. Осы жағдайлар реттелсе алдағы уақытта оның баррелі 65 доллардан аспауы тиіс. Қайткенде де осы межеден жоғарыламайды.