Лазер енді көкпар алаңынан көрінбейді

0
362

Тараз. 6 қаңтар. 77news – Орта Азияның үздігі атанған «Әулиеата» көкпар командасының қазанаты Лазер өлді, — деп хабарлайды 77 news ақпарат агентігі.

Лазер — нағыз көкпар аты.  Бүкіл Орта Азияда оған тең келетін сәйгүлік жоқ. Жекпе-жекте қарсылас команданың небір мықты қазанаттарына дес бермейтін тұлпар әулиеаталықтардың додалардағы басты көзірі болатын. Құлагерден кейінгі аңызға арқау болатын аттың бірі осы Лазер еді.

«Әулиеата» ат спорты клубының директоры Нұрдәулет Момыновтың айтуынша, сәйгүлік біршама қартайған, 25 жастан асып кеткен екен. Соңғы кездері біз қазанатымызды тек финалдық ойындарға ғана шығарып жүрдік. Себебі ол тез шаршайтын,- дейді.

Ал бүгін түнде Лазер еш қиналмастан жан тәсілім еткен екен.