Фото:Фокус

Тараз. 9 қаңтар. 77news — Астана тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін жазаланды7 Астана қаласының Алматы аудандық сотына азамат Б. азамат К.-ның желіде оның қадір-қасиеті мен ар-намысына тиетін сөздер жазғанын айтып, моральдық зиян тигізгені туралы шағымданған.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың маусым айында азамат К. «Мерседес» көлігімен арақашықтықты сақтамағандықтан азамат Б.-ның «Киа» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жол апатына айыпты деп танылған азамат К. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 611-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Содан кейін 2017 жылы қыркүйек айында азамат К. Facebook-тегі парақшасында Б. деген азаматты «көлігін қасақана соғушы» деген жазбасын жариялаған.

Сол себепті азамат Б. ар-намысына тиген азамат сотқа К-ның үстінен арызданып, моральдық зиянды өндіруді талап етті.

«Арызданушының ар-намысына тиіп, моральдық зиян келтіргені үшін азамат К-дан өтемақы өндірілді. Сондай-ақ, сот айыпталушыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасын жоққа шығаруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.