Фото:mk-kz

Тараз. 10 қаңтар. 77news — ҚР Бас прокуратурасының өкілдері елімізде педофилдердің қалай кастрацияланатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2018 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енгенін еске сала кетейік. Химиялық кастрациялау тек соттың үкімімен сот-психиатриялық сараптаманың қортындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарына бейім деп танылған  тұлғаларға ғана қолданылатын болады», — делінген Бас прокуратураның түсініктемесінде. Сондай-ақ, андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығын айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға — денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатыны айтылады.

Осыған дейін  еліміздегі педофилдер жиі кездесетінін анықтаған еді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыстар Астанада және Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында көбейгендігін хабарлады.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстармен күрес комитетінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың 8 айында 232 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Аталмыш көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда, 12,5 пайызға аз. 2015 жылы 8 ай ішінде 265 оқиға тіркелген. Облыстар бойынша қарайтын болсақ, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғалары көп тіркелген.