Фото:Businessclass.md

Bloomberg және Forbes рейтингінде тарихтағы ең бай адамдар тізімін Билл Гейтстен асып түскен Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос бастап тұр, — деп хабарлайды vc.ru.

Bloomberg мәліметі бойынша, Безостың байлығы 105,1 миллиард доллар, ал Forbes тізімінде оның дәулеті 104,4 доллар деп көрсетілген. Қос рейтингте де Amazon басшысы әлемнің ең бай адамы — Билл Гейтсті басып озған.  Джефф Безос Amazon акцияларының қымбаттауының арқасында баи түскен.

Қаңтар басынан акциялар құны 3,2 пайызға артқан, деп нақтылады «Коммерсант». Forbes журналының 2018 жылдың 9 қаңтарындағы мәліметі бойынша, Amazon компаниясының бір акциясының құны 1 246 доллар — бұл құнды қағаздар тарихындағы ең жоғары баға.  Америкалық бизнесмен ритейлердің 78,9 миллион акциясына ие.

Сонымен қатар, Blue Origin ғарыш компаниясы мен Washington Post басылымы да оның иелігінде.  2017 жылдың шілдесінде Безос Bloomberg және Forbes тұжырымы бойынша ең дәулетті адам деп танылды. Ол кезде бизнесменнің байлығы 90,6 миллиард доллар деп бағаланған еді.