Фото: ztb.kz

Қаламызға келген туристер болсын, тіпті қонақтар Таразды тек тарихи-мәдени көне қала деп санайды.  Бірақ қаламыз күннен-күнге ерекшеленіп келеді. Тіпті қыс мезгілінде де бос уақытты мәдени, ойын-сауық орындарында көңілді, әрі тиімді өткізуге болады. 

Фото: Массагет.кз

Төле би мен Абай көшесінің қиылысында орналасқан «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» зерделі көрермендер үшін әрдайым есігі айқара ашық. 1936 жылдан бастау алған театр бүгінде бірқатар жетістікке жетті. Сондай-ақ, қоржындарында қойылымдар да жетерлік. Бағасы 300-500 теңгенің аралағында. Ал, қаңтар айында қойылатын қойылымдар тізбегі төмендегідей:

Қаланың орталық саябағында орналасқан «Дельфин» хауызы суда жүзуді жаны сүйетін адамдар үшін жыл бойы жұмыс істейді. Ал, суық мезгілде хауыз арнайы күмбезбен жабылып, жылы температураға ауысады. Хауыз 9:00-21:00 дейін халыққа қызмет етеді. Егер суда жүзе алмасаңыз жаттықтырушылардың сабағынан өте аласыз.  Құнына келер болсақ,  1 айлық жазылу бағасы ересектерге 4000 мың теңге, балаларға 2000 мың теңге көлемінде. Ал, бір мезгіл баратын болсаңыз 200-400 теңгенің аралағында.

«Astana Park» кинотеатры жастардың ордасына айналды. Кинотеатр 3 залдан тұрады. Бірінен-бірі өтеді. Мұнда тек кино көріп қана қоймай, әдеби ләззат ала аласыз. Соған орай, кинотеатрдың екінші қабатындағы көркем әдеби кітаптар жинақталған. Қаражаты көңіл көншітерлік. Балақайларға 600 теңгеден, студенттерге үшін жеңілдік қарастырылып 800 теңгеге тұрақталған, ересектер 1000 теңгелік билетпен кіре алады.

Тұрғындар көбіне өңіріміздегі мәдени-тынығу орындарын, спорттық алаңдарды, кинотеатрларды білмей жатады. Алдағы уақытта біз өздеріңізге тиімді демалудың түрлі мекендерімен бірге танысатын боламыз!

Аят АСҚАРБЕКҰЛЫ