Фото:hijama.kz

Бүгінде ауыра қалса емшілер мен шипагерлердің қызметіне жүгінетіндердің саны артқан. Дамыған медицинаны емес, халықтық емді қолай көретіндер әсіресе «хиджама» деп аталатын емдеу тәсілін таңдайды. Сорақысы сол, денеден артық қанды шығару процедурасыақ халаттылар тарапынан бақыланбайды екен. Бұл ем-шара қазір қалай, қайда жасалады? Оны қандай мамандар атқаруда? Мәселені әріптесім Мерей Бает зерттеп көрген еді.

Хиджама жасаймын, сүлікпен, инемен емдеймін, Банка арқылы емдік массажды да жасаймын. Қазір шектеуі жоқ ғаламторды шертіп қалсаңыз, хабарландырулардың осындай шексіз түрлеріне тап боласыз. Бірі Малайзиялық тәсілді қолданамын десе, ендігісі Мысырдың методикасын пайдаланамын деп сендіреді.

Жандар Жұмаділов — 10 жылдық тәжірибесі бар хиджама маманы. Орта есеппен аптасына алдынан 10 адамнан арылмайды. Келген сырқаттың 60 нүктесіне дейін қан алуға қауқарлымын деген емші, тиісті сертификатының бар екендігін алға тартуда. Алматыдан қорғап алыпты. Емдеудің бұл түрі түрлі дертке шипа дейді.

«Денеден тұз шлак, токсин алынған соң біраз жеңілдеп қалады. Ол, давлениеге, адам ұйқысына және залалды ісіктерге алғашқы жағдайында пайдасы зор. Асқазан бүйрек ауруларына, көздің көруіне  көп пайдалы», — дейді хиджама маманы Жандар Жұмаділов. 

Хиджама құралдары

«Жүз ауруға бір ем – хиджама» деушілер халық арасында көп қазір. Арам қанды денесінен алып тастау арқылы дертінен сауыққандар да аз емес көрінеді. Дегенмен бұл мәселеге ақ халаттылар айтары тым бөлек. Санитарлық жағдайдың сақталмауы, әрі маманның білікті болмауы әр түрлі аурудың қозуына алып кеп соғатын көрінеді.

«Қан арқылы көптеген аурулар жұғады. Сары ауру, Вич індеті, тағы басқа аурулар жұғуы мүмкін. Сондықтан бұл дұрыс емес. Сонымен бірге теріге де кері әсері бар. Теріде тыртық, іріңді жаралар қалады. Әрі көп мөлшерде қан алу адам өміріне зиян», — деген пікірде дәрігер-дерматолог Рашид Маманов. 

Бүгінде бұл тәсілдің құны 5 мың теңгеден басталып, қиындығына қанның алыну нүктесіне қарай өсе береді. Ал, таңқаларлығы, хиджама тәсілінің барысын қадағалау мүмкін болмай отыр, — дейдіденсаулық сақтаумамандары. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген емшілерді, тек зардап шегушінің шағымы арқылы ғана тексере алады.

Халық емшісіміз деген топты, енді кәсіпкер деуге толық негіз бар. Себебі, олар тиісті органдарға тіркеліп, салық төлеп отырса болғаны,  қызметін қалағанынша атқаруға құқылы. Сондықтан денсаулығын сеніп тапсыру халықтың өзінде: жоғары білімді дәрігер мамандарға жүгіну немесе кәсіпкерлердің көмегі.

Мерей Бает «77»