Фото: Жамбыл-Тараз

Тараз. 12 қаңтар. 77news — Таразда 334 көше атауы әлі күнге дейін орыс атауымен аталып жатыр. Ел егемендігін алғалы ширек ғасыр болса да, шешілмей келе жатқан бұл мәселеге халық наразы. Бұқара; мән мағынасы жоқ Озерная, Порогова, Розовая сынды жолдарды дереу ауыстыру керек пікірде. «Біле жүргеніңіз жөн айдарының» бүгінгі санында 77TV арнасының тілшілері осы  мәселені зерттеп көрді.

Қала тұрғындарының айтуларынша, қала аумағына енген саяжайлардың басымында Кеңестік кезеңде қойылған тақтайшалар әлі күнге дейін самсап тұр. Жалпы қала аумағындағы 900-ге жуық көшенің 171 жай мағынасыз атаулар болса, 163-іне өзге ұлт өкілдерінің есімдері берілген. Арасында бүгінде ешкімге белгісіз Аванесова, Барбюса,Грушко,Синявина, Серовасынды кісілер дебар.Ал, бұған халық пікірі мынадай:

Мәселеге қатыстысауалды жауаптыларға жолдаған болатынбыз. Мамандар барлық жолдарды бірден қамту мүмкін емес екендігін айтуда. Дегенмен, жыл сайын бұл бағыттағы жұмыстарды еселеудеміз деп сендірді. «Мысалға 2016 жылы 25 жылдық мерекеге орай 25 көшені қайта жаңғырса, 2017де идиологиялық тұрғыдан ескіргендерді алмастырдық», — дейді Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева. Осыған дейін 237 көше атауы өзгерген екен.

Көне шаһардың көрікті көшелерінің бірі дәле осы Владимир Ильич Ленин есімімен аталады.  2018 жылы атауы өзгеретін көшелердің қатарында дәл осы жол да бар. Жаңа жылдан бастап бұл жол Бейбітшілік деп аталады.

Сонымен қатар мамандар үстіміздегі жылы, орталықта орналасқан Достаевский жолы да өзгертілмек екендігін айтады.