Тараз. 12 қаңтар. 77news — Адами капитал –жаңғыру негізі. Бұл мемлекет басшысының білім саласының алдына қойған міндеттердің бірі. Биылғы Жолдауда Елбасы мұғалімдердің кәсіби беделін арттыруға ерекше назар аударды. Жаңа өзгерістер турасында Тараз қалалық №41 мектеп гимназиясының ұзтаздар қауымы өз ой пікірін білдірді.

Бүгінде оқытушылар Жолдауда аталған жетінші тапсырманы қызығушылық талқылауда.  Елбасы халыққа арнаған өз мәлімдемесінде  жақсы өмір сүру үшін қосымша жағдай жасайтын бағыттарды атап өтті. Тұтастай алғанда, жаңа білім беру жүйесі бастамашылдық, ұтқырлық және конструктивтілік сияқты түлектердің қажетті қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 2015 жылы Тараздағы №41 көпсалалы мектеп-гиназиясы білім беру бағдарламасының жаңартылған пилоттық жобасына енген болатын. Жаңа технологияларды меңгеру, өз бетіңше шешім қабылдау, топпен бірлесіп жұмыс істеу, қиын жағдайдан тез шығу бұл дағдылардың барлығы осы білім ұясында тексеріліп жатқан әдістердің бірі.

Жалпы биыл мұғалімдердің  біліктілік деңгейін бақылап отыратын, жаңа санаттар ұсынылды. Ал, мұндай категория  ұстаздарға басқа мемлекеттер секілді ұлттық біліктілікті арттыратын тест арқылы тағайындалады. Бұл жүйе педагогтардың үнемі кәсіби тұрғыда шыңдалуына да сеп болмақ. Айта кетейік,  осы жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен мұғалімдердің жалақысы 30% -ға өседі.

Бұған қоса, Елбасы мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен оқытудың оңтайлы тәсілдерін қайта қарастыруды, еліміздің жоғары оқу орындарында педагогикалық факультеттердің жұмысын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, үздік ұзтаздардың өткізген сабақтарын желіге орналастыруды ұсынды. Бұл шалғай елді мекендердегі оқытушылардың жоғары білім көрсеткішіне қол жеткізуіне үлкен мүмкіндік болмақ. Айта кету керек, осы бастамалардың барлығына қазынадан 67 миллиард теңге қарастырылыр отыр.