Фото: Baribar.kz

Тараз. 12 қаңтар. 77news — Енді жаңа босанған аналар перзентханадан шықпай-ақ, баласының туу туралы куәлігіне қол жеткізе алады. Бұл туралы 77news ақпарат агентігі хабарлайды.

Жағымды жоба жаңадан босанған аналардың адым атамай-ақ сәбине алатын алғашқы құжатына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тек ұялы телефонға келген смс-хабарламаға жауап берсе болғаны, өтінішіңіз әп-сәтте қабылданады. Осылайша куәлікті бір күннің ішінде алуға мүмкіндік бар. Ол үшін бір ғана электронды қолтаңбаның болуы жеткілікті.

Тараздық жас ана Айжан Аманбаева баласын бауырына алып, ана деген атқа ие болғанына небәрі бірнеше күн болған-ды. Электронды үкіметке тіркелген келіншекке, босанғаннан кейін, ұялы телефонына арнайы құттықтау хабарлама келіпті. Артынша баласының аты-жөнін смс-хабарламамен  жіберу арқылы, туу туралы куәліктің рәсімделетіні жөнінде ақпарат жеткен. Тиімді мүмкіндікті ескерген ол пайдалануды жөн көріпті. жас боаснған ананың айтуынша, жаңа жоба аналардың уақытын үнемдейді екен.

Жаңа жоба бойынша, тек құжат рәсімделіп қана қоймайды. Сонымен қатар, босанғаннан кейін алатын жәрдемақыны да осы қызмет арқылы қол жеткізуге мүмкіндік бар. Жас аналарға жәрдем болған жоба, халыққа қызмет көрсету мамандарына да оңтайлы болған. Тараз қаласы ХҚКО директоры Данияр Мейірбеков, электронды тіркелу арқылы, барлық анықтамаларды алуға болады. Және одан әрі балабақшаға, түрлі әлеуметтік көмектерге тіркелуге мүмкіндік мол, — дейді.

Айта кетерлігі, бұл бастамаларды мобильді азаматтардың базасында тіркелмеген клиенттен бөлек, 2008 жылға дейін некеге тұрғандар ала алмайды. Ал, жоба куәліктен өзге, бас-аяғы 30 шақты қызметті тегін ұсынады. Оның ішінде мекен-жай, азаматтың сотталмағаны сынды анықтамаларды еш кедергісіз рәсімдеуге мүмкіндік бар.