Фото:Алау-ТВ

Тараз. 15 қаңтар. 77news — Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының оңтүстігінде және оңтүстік шығысында түнде қалың қар жауады. Кей  жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Жамбыл облысында демалыс күндері температура -7-8 градус болды. Алайда қардың түсуі былтырғы жылмен салыстырғанда көбірек көрінеді. Таулы аймақтарда қарлы, тұманды ауа-райы әлі бірнеше күн сақталады.

Ал, Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болады.