Фото:SPIK.kz

Тараз. 15 қаңтар. 77news —  2018 жылы кәсіпкер, медиаменеджер Арманжан Байтасов Алматы және Астана қалаларында таратылатын «Бизнес-ҒМ» радиосын іске қосады. Бұл Қазақстандағы экономика және бизнес мәселелеріне бағытталған жалғыз радиотолқын болмақ деді ол  Forbes.kz  басылымына берген сұхбатында. 

Радио кәсіппен айналысып жүрген немесе бизнес бастап жатқан жастарға арналмақ. Жаңалықтар блогынан бөлек эфирге нарықтағы экономикалық жағдайды талқылайтын, бизнестегі трендтен хабардар ететін сараптамалық бағдарламалар шығарылады. Бизнесмендермен сұхбат алынатын жобалар дайындалады.  Бағдарламалардан бөлек заманауи музыканы да тыңдауға болады.

«Салыстырмалы түрде аз қаржы сала отырып тез арада өз-өзін ақтауға болады. Радиожиілікті барша Қазақстанға шығару үшін 1-2 млн доллар керек. Әзірге «Бизнес ҒМ» радиосы екі қалаға ғана шығатындықтан бюджет көлемі аз болады, 1 млн долларға дейін қаржы жұмсаймыз», — дейді кәсіпкер Арманжан Байтасов.