Тараз. 15 қаңтар. 77news — 2017 жылы Қазақстанда 702,8 млрд теңгеге байланыс құралдары сатып алынды. Яғни 2016 жылға қарағанда 3,3% көрсеткішімен басып озды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің көлемі жыл ішінде 30 млрд теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағамен өткен жылғы көлемнен 8,7% аз. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде компаниялар 40,9 млрд теңге табыс тапты (яғни 6,6 % аз), интернет байланысымен қамтамасыз ету бойынша — 228,6 млрд теңге (11,8% артық), ал ұялы байланыс бойынша — 220,9 млрд теңгені (0,3% көп) құрап отыр.

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлесі интернет желісіне (32,5%), ұялы байланысқа (31,5%), телекоммуникация қызметтеріне (17%), жергілікті телефон байланысына (5,8%), қалааралық және халықаралық байланысқа (4,3%) тиді.

2017 жылғы желтоқсанда стационарлық телефон желілерінің саны шамамен 3,7 миллионды құраса (бір жыл ішінде — 5,9% төмендеді), ұялы байланыс абоненттері — 26,4 млн (4,2% өсті), интернеті бар ұялы байланыс абоненттері — 13,8 млн (15,1% өсті) және тіркелген интернет абоненттері — 2,6 млн теңге болды (11,8%-ға өсті).