Фото: business-review.eu

Мәдениет саласының өрісі кең. Оның дәрежесі қоғамдық өмірдің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.  Мәдениет — адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары мен жасап жатқандарын түгел қамтиды. Ал, бүгінгі қоғамда адамдар өзін мәдениет орындарында қалай ұстайды? Қаншалықты таныс? Біз өздеріңізге көпшілік ескере бермейтін мәдениет ережелерін ұсынамыз.

Қоғамдық этикет

                              

   Театрға қойылым көруге 15-20 минут бұрын ерте барыңыз. Асықпай шешініп,  бағдарламамен танысып, орныңызға ертерек отыруға болады. Театрда қатарлар арасында өткенде, сахнаға арқаңызды беріп өтіңіз.  Сондай-ақ, қойылым көруге кірер алдында ұялы телефоныңызды дыбыссыз режимге қойғаныңыз абзал. Өйткені, сахнадағы әртістердің ойы бөлініп кетуі мүмкін және тамақ жеуге, шымылдық жабылмағанша, орныңыздан тұрып шығып кетуге болмайды.

Кітапханадан алған кітапты уақытылы тапсырыңыз. Алған кітабыңызды басқа адамдардың да оқитынын ұмытпаңыз.  Сондықтан онын ұқыпты пайдаланғаныңыз жөн.  Оқу залында сыбырлап сөйлесуге, кітап оқып отырып ұйықтауға болмайды.

Аят АСҚАРБЕКҰЛЫ