Фото: ҚазАқпарат

Тараз. 16 қаңтар. 77news — Таразда және облыстың бірқатар аудандарында үшінші күн қатарынан тоқтамай қар жауып тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Таразда бір күн ішінде бір айлық мөлшердегі қар жауды

Соңғы жылдары өңірде қыс жылы болған. Ауа температурасы көбіне плюсті көрсетіп, тіпті көк шығып, күн жарқырап тұратын. Тіпті 2018 жылдың өзін тараздықтар қарсыз қарсы алған еді. Алайда Ескі Жаңа жыл қалаға аяз ала келіп, арты толассыз қарға ұласты.

Таразда бір күн ішінде бір айлық мөлшердегі қар жауды

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, өткен бір тәуліктің өзінде қалада бір айлық мөлшердегі қар жауған. Қазірдің өзінде қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жеткен.

Таразда бір күн ішінде бір айлық мөлшердегі қар жауды

Қала тұрғындары мұндай қар мен аязды соңғы 12 жылда көрмеген. 2005 жылы жарты метрдей қар түскен, одан кейін қыс жайлы болған.

Таразда бір күн ішінде бір айлық мөлшердегі қар жауды

Алдағы бірнеше күн бойы облыста ауа температурасы — 8 — 10 градусқа дейін төмендеп, қар жауады деп күтіліп отыр. Жел тұрып, кей жерде жылдамдығы 28 м/с-ға дейін жетпек.

Таразда бір күн ішінде бір айлық мөлшердегі қар жауды

Таразда бір күн ішінде бір айлық мөлшердегі қар жауды