Фото: Аят Асқарбекұлы

Тараз. 17 қаңтар. 77news —  «Қазақстан — 2050» жалпыұлттық Коалициясының мүшелері бас қосты. Елбасының жаңа жолдауын жалпақ жұртқа таныстыру, оның жүзеге асырылуындағы алғышарт. Бұл жайында жиынның басы-қасында  болған 77news ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесуде Елбасы жолдауындағы негізгі 10 бағыт жайында ой қорытып, оны жүзеге асыру жағы айтылды. Бұл Елбасының 21-ші жолдауы. Соңғы сында жаңа әлемге, яғни  төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне жету жолында не істеу қажеттігі айқындалған. Ал, аймақтық коалиция мүшелерінің ендігі мақсаты жолдауды халыққа түсіндіріп, еліміздің өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу болмақ.

«Қандай партия болмасын барлығымыз осы жолдауды орындауда, Елбасының саясатын жүргізуде халықты соған топтастырып, жолдаудың мән-жайын таныстыру ендігі мақсатымыз» , —  дейді  «Нұр Отан» партиясы ЖОФ төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев.