Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 қаңтарда Вашингтонда Дональд Трамппен кездесті. Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына сапары американдық тараптың шақыруымен өтті. Батыс журналистерінің басылымдары мен американдық баспасөздің пайымдауынша,  Назарбаев — тек тәуелсіз мемлекеттің президенті ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ресми өкілі. 

Фото: akorda.kz

Мемлекеттер басшыларының кездесуін талдай келе, америкалық саяси апталық «The Hill» Обаманың әкімшілігі Қазақстанмен стратегиялық әріптестікке жол бермей, елеулі қателіктер жасағанын айтады. «Назарбаевтың Вашингтонға сапары және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі бұл ел тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерінің айқын көрінісі. Трамптің әкімшілігі өткен биліктегілердің байқай алмаған серіктестік жайын жолға қоймақ. Енді ол Астанамен тығыз байланыстар орнатпақ», — деп жазады The Hill. Басылым қазақстан-американ ынтымақтастығының айтарлықтай кеңеюіне назар аударып отыр. «Әлемдік көшбасшылардың кездесуінде Обама мен Назарбаев кездескен болатын, алайда бұл кездесу кешегі Трамппен болған жүздесуге мүлдем ұқсамады», — делінген апталық газетте.

Фото: akorda.kz
Америкалық Forbes журналы Қазақстан туралы мақала жариялады. Басылымның авторы біздің еліміздің артықшылықтары жылдам Интернет, экономикалық даму және икемді сыртқы саясат деп атады. «Кеңес Одағының кез-келген бұрынғы мемлекетімен салыстырғанда, Қазақстан әлдеқайда жоғары және саяси тұрғыдан тұрақты дамыған», — деп мәлімдеді Forbes.
Фото: akorda.kz
Американдық  CNBC телеарнасы біздің еліміз жайлы сюжет жасады.  «Қазақстан АҚШ елі үшін Оңтүстік Азия елдері арасындағы қиын қарым-қатнаста байланыс арнасы болмақ. Қазақстанмен достасуға тағы бір себеп — оның ядролық қарудан бас тарту саясаты», — деп есептейді CNBC арнасы. Сюжетте айтылғандай, Трамп бұдан екі жыл бұрын Назарбаевпен серіктес болуды ойламаған екен.  «Бірақ бүгін біз автократия мен ұйымдасқан қылмыс дамып келе жатқан өңірде Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда жақсы екенін түсіндік».
Фото: akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаевтың іс сапары жайында The Wall Street Journal және Washington Post бірнеше мақала жариялады.  Бұл мақалалар «Эйр Астана» мен «Боинг», «Қазақстан Темір Жолы» мен «GE Transportation» және жалпы сомасы 7,5 млрд құрайтын бинес бастамалар жайында жазылған
Фото: akorda.kz